Гамбург пен Санкт-Петербургта тұрған XVIII ғасыр суретшісі From Wikipedia, the free encyclopedia
Джон Кэстль (туған-өткен жылы белгісіз) – Ресейде қызмет еткен ағылшын суретшісі.
Қазақстанды зерттеген. Кэстль Ресейде қызметте жүріп, 1734–37 жылдары Орта Азия мен Қазақстанның этнологиясы, географиясы мен экономикасын зерттеу мақсатында Орынборға барған И.К. Кириллов экспедициясына қатысты. Сол сапарында орыс әкімшілігінде аманатта жүрген Әбілқайырдың баласы Ерәлі сұлтанмен танысқан. Содан кейін Орынбордан Кіші жүз жеріне, Әбілқайыр хан ордасына көшіп барған. Өзінің тілмәші Дитрих Люторос және А.И.Тевкелевтің қызметкері Құлбаймен бірге 1736 жылдың маусымынан шілде айына дейін Арал теңізі, Жайық өзеңі төңірегін зерттеп, Самара мен Симбирск қалаларында болған.
Кэстльдің қазақстандық отан тарихында елеулі орын алатын құнды еңбегі «1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапар туралы» деп аталады. Онда Әбілқайыр хан мен оның әйелі Бопай, баласы Ерәлі сұлтан, атақты Күдері батыр портреттері, т.б. адамдар, қазақтардың жайлауға көші, т.б. сипатталып берілген. Сондай-ақ башқұрт-қазақ-жоңғар қарым-қатынастары жөнінде де айтылады. Еңбек 18 ғ-дың ортасындағы қазақ халқының әдет ғұрпы мен билік жүйесі, табиғат байлығы жайлы мағлұматтар қалдырып, ел тарихын тереңдете пайымдауға мүмкіндік берді.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.